Жамбыл облысында 250 адам эвакуацияланды

0 7

 Жамбыл облысында Б.Момышұлы ауылында орналасқан 2 қабатты мейрамханадан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар 250 адамды эвакуациялады. Нақтыланған мәліметтер бойынша екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, апаттық медицина орталығының өкілдері, психологтар және 12 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.