Жамбыл облысында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жеті күн ішінде 12 717 жол ережесін бұзу дерегі анықталды.
Оның 12-сін қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.
«Жеті күндік іс-шара нәтижесінде сонымен бірге 740 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны, ал 95 бұзушы бағдаршамның тыйым салу белгісіне өтіп кеткені, 238 көлік маневр жасау ережелерін бұзғаны анықталды.
Көлікті құжаттарсыз басқарған 145 жүргізуші де жазасыз қалмады. 1445 жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерлерінен өткені үшін жауапкершілікке тартылды.
Арнайы айып тұрағына 245 көлік қойылды», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Таразда кальян ұсынатын ойын-сауық орындарына рейд жүргізілгенін жазған болатынбыз.