Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді

0 2

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.

Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.

Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барғанын жаздық.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.