«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, фронталды бөліктердің өтуіне орай, түнде солтүстікте, елдің орталығында, шығысында қар жауады, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республиканың оңтүстігінде ғана антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында, орталығында күшейеді.