Шығармашылық ұжымдары республикалық фестивалінің финалы өтуде

0 4

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары республикалық фестивалінің финалы өтуде.


Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында және Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30жыл» атты фестиваль финалының бірінші күні өтті.
Аталмыш шараға өңірімізден «Бозторғай» хореографиялық би ансамблі қатысуда.
Фестиваль 2025 жылдың наурыз – сәуір айларында облыс, республикалық маңызы бар қалаларда өткен өңірлік кезеңдердің лауреаттары мен үздік шығармашылық ұжымдарын жинады.
Бүгін фестиваль қатысушылары үшін шеберлік сағаттары, «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің лекция-концерті, «Халық биі» номинациясы лауреаттарының концерті және конкурстық қойылымдар ұйымдастырылды.
Бүгін, 15 сәуірде елорданың шығармашылық алаңдарында жеңімпаздардың финалдық қойылымдары өтіп, ауқымды шара гала-концертпен және жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталмақ.
Фестивальдің басты мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, дамыту және келер ұрпаққа жеткізу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.