Бес облыста үсік жүреді — Қазгидромет

0 2

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 29-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінің ауа-райына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық ағындар әсер етеді. Соның салдарынан көп жерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, солтүстік батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, елдің батысында, шығысында және оңтүстік шығысында бұршақ жауады.

Тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында шаңды дауыл тұрады, республиканың солтүстігінде, солтүстік батысында, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жылдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Жетісу облыстарының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.