Орал қаласында ток соққан бала көз жұмды

0 6

Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді.

— Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.