Аудан басшысы Бегзат Болатбеков Жаңатұрмыстық тұрғындармен кездесті

0 2

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков Жаңатұрмыс ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Мәдениет үйінде өткен жиында аудан басшысы атқарылар шаруаларды мәлімдеп, жағымды жаңалықтарды тілге тиек етті,

Аудан әкімі Жамбыл ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салуға жобалық смета жасалғанын жеткізді. Яғни, көп ұзамай ауылда алып спорт кешені бой көтере бастайды. Сонымен қатар, футбол, стрит воркаут алаңшасы салынатын болады.
-Жыл сайын сіздермен осындай кездесумізде түскен сұрақтарды ескеріп, қолдан келгенше кезең-кезеңімен шешімін табуда. Мәселен, былтыр көпір мәселесі болган еді. Оны жөндеуден өткіздік. Осылайша алдағы уақытта да ауыл ажарын ашу үшін жұмыстары жалғастыратын боламыз, — деген Бегзат Сейсенқұлұлы жалпы аудан бойынша атқарылып жаткан жұмыстар жайына да тоқталып өтті.
Ал, кездесу сұрақ -жауап айдарына өткен тұста ауыл үлкендері Жамбылда жаңа мектеп салынса деген тілектерін айтып, биылғы жылға суармалы судың жайына, жайылым мәселесіне де тоқталды.Өз кезегінде Бегзат Болатбеков бүгінгі таңда аса маңызды болып отырған суармалы су бойынша шаруалар міндетті түрде «Казсушар» РМК аудандық бөлімшесімен келісімшарт жасау қажеттігін айтты.
Ал, Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары ауыз су жайын кетерді. Ол бойынша биыл жобалық сметалық құжаттама рәсімделгені айтылып, Жаңатұрмыстағы су жүйелері толығымен жаңартылып, су мұнарасы қойылатындығын жеткізді. Ең бастысы қаржысы бөлінсе болғаны. Аудан басшысына қойылған сұрақтар мен өтініштер қатарында қос ауылда мал өлігін тастайтын орынның жоқтығы да айтылды. Бұған қатысты Бегзат Сейсенқұлұлы ауыл әкіміне тапсырма беріп, қоқыс орындарын реттеу үшін қолға алынатын жұмыстарды да айтып өтті. Жалпы жиын барысында ауылдағы көкейтесті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын сұрастырған тұрғындарға аудан әкімі ризашылығын білдірді, кейбір сұрақ бойынша жауапты мамандарға тапсырмалар жүктелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.