Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
вице-адмирал әскери атағы:
Борамбаев Серік Жақсығалиұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Довганюк Анатолий Андреевичке,
Исабеков Алмас Тынышбекұлына,
Камалов Рамиль Фаткуловичке,
Манап Дәурен Мұхтарханұлына,
Маралов Жеңіс Мұхамедқалиұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Бартенев Денис Валерьевичке,
Құсайынов Нұржан Маратұлына,
Сауранбаев Саят Әбуғалиұлына,
Тоқтамысов Асхат Байбатырұлына,
Ыбыраев Рустам Жиянұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Төреханов Роман Алмаханұлына;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:
Мақажанов Ернар Әбсейітұлына,
Рахымов Арман Тастемірұлына;
экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Абдыханов Қуат Аманбекұлына,
Югай Андрей Анатольевичке;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Аяғанов Сағындық Күзембайұлына,
Әленов Бауыржан Төлегенұлына,
Әлиев Қайыркен Жетпісбайұлына,
Құсайынов Сарқытбай Зәкірұлына,
Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Ақылбеков Дәулет Ертайұлына,
Басшыбаев Мадияр Бекенұлына,
Кәріпбеков Серік Ақмырзаұлына,
Садырбеков Ғабит Амангелдіұлына берілсін, — делінген құжатта.
Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты.