Аудандық әскери-патриоттық байқау өткізілді

0 6

Бүгінде аудан жастарының санасында Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, жоғары патриоттық сезімін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда.
А.Суханбаев атындағы орталық саябақта Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай, аудандық “Жаужүрек мың бала” атты әскери-патриоттық байқауы өткізілді.
Жастардың Отан алдындағы азаматтық және Конституциялық борышын абыроймен орындап, әрқашан оның мүддесін қорғауға даяр болуына тәрбиелеу мақсатында көздеген шараға аудан бойынша 22 команда қатысты.
Байқау қатысушылары әскери және спорттық сайыс түрлерінен, атап айтқанда, саптардың және әндердің көрінісі, кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау, арқан тарту түрлері бойынша өзара сынға түсті.
Командалық есеп бойынша Амангелді орта мектебі бірінші орынға ие болса, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы жүлделі екінші орынға табан тіреді, ал, үздік үштікті С.Абланов атындағы орта мектебінің командасы түйіндеді.
Жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан әр номинация бойынша Дипломдармен марапатталып, ақшалай сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.