Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтаған болатын.