Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел өңірлеріндегі Құрбан айт намазының кестесін жариялады.
— 6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз, — делінген хабарламада.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы биыл елімізде Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын айтты.
– Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алған. Малдың семізін, жарамдысы мен ең жақсысын құрбандыққа шалып, етін тұрмысы төмен адамдарға тарату, қонақ күтіп, үлкеннің батасын алу, сыйлыққа кәде беру секілді амалдар дәстүрімізде қалыптасқан ізгі құндылықтар, — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.