Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

0 2

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі — Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

— Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді. Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын алғанын жазғанбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.