Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, — деп хабарлайды Massaget.kz .
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды», — деді ол.
Шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Бұған дейін Президент жолдауын 2024 жылы 2 қыркүйекте жариялаған болатын.