Ел экономикасы үшін маңызды, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
— Инвесторларға ұсынылатын салық жеңілдіктерін мұқият ойластырып, байыппен қолданған жөн. Ел экономкасы үшін маңызды, пайдасы бар жобаларға басымдық берілуге тиіс. Жалпы, инвестициялық келісім жасау тәсілі өз тиімділігін көрсетті. Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек. Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішінде болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, ең бастысы, қаражатты мұқият ойластырып, жұмсау керек. Бұл іске қажетті болса сапалы сараптама жасай алатын халықаралық деңгейдегі басқарушылар мен инвесторларды тартуға болады.
Айта кетейік, Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында жүріп жатыр.
Kazinform сайты тікелей эфирмен қатар, жазбаша трансляция да жасайды.
Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқуға болады.