Дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент жұмыс істейтін болады

0 2

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен Цифрлық штабтың отырысы өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

— Денсаулық сақтау саласында НҚА-ға өзгерістер енгізу негізінде ЖИ дамитын болады, бұл медициналық мекемелерге отандық инновациялық жобаларды енгізуге септік етеді, — делінген хабарламада.

Мәселен, дәрігерлерге арналған ЖИ-ассистент, онкологиялық және тағы да басқа ауруларды ерте анықтау бойынша функционал іске қосылмақ.

Осы жылдың соңына дейін 7 ақпараттық жүйе 2-ге біріктірілмек. Осындай жұмыспен салада жұмыс істеп тұрған барлық 30 АЖ қамтылады.

Осылайша, бірін бірі қайталайтын жүйелер шоғырландырылады, бұл медициналық персоналдың жұмысын жеңілдетіп, жүктемесін азайтады.

Айта кетейік, бұған дейін Жолдау аясында медициналық көмек сапасын басқарудың кешенді жоспары әзірленетінін жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.