Қазақ шабандозы әлемдік рекорд орнатты

0 2

Жас шабандоз Ернар Жасұзақ екі аттың үстінде тік тұрып, 2 шақырымды сағатына 60 км жылдамдықпен шауып өтті. Бұл өнері үшін ол Дүниежүзілік рекордтар кітабының GBR кейіпкері атанып, Қазақстанның ат спорты тарихына жаңа белес қосты.

— Жалпы ат спортымен 3 жылдан бері айналысамын. Бұл рекордты орнату үшін 3 айдан аса уақыт бойы дайындалдық. Бірталай қиындық та болды. Ең әуелі аттарымыз қиналды. Аяқтары ауырған кездер болды. Сәтсіз жағдайлардың кесірінен аттан да құладым. Тұра да алмай қалдым. Бірақ алға қойған мақсатыма ұмтылып, сол қиындықтың бәрін еңсеру үшін бар күш-жігерімді салдым, — дейді рекордсмен.

Шабандоз жаңа рекордты бір дегеннен-ақ сәтті орындаған.

— 20 қыркүйек күні бізге тек 2 мүмкіндік берілді. Бірақ бірінші мүмкіндіктен алып шықтық. Десе де оған дейін қаншама сәтсіз тәжірибелер болды ғой. Бұл белеске жету оңай болған жоқ. Қауіпсіздік шараларын да ескердік. Бірақ аттың үстінде тұрғанда бар жауапкершілік тек менде болады. Екі аттың балансын бірдей етіп ұстап отыру, екі аттың үстінде тұрғанда басқа жаққа ауып кетпеу, аттардың басқа бағытқа келіп қалмауы, барлығы тек маған байланысты, — дейді ол.

Ернар Жасұзақ келесі жылы тағы да бір рекорд орнатуға ниетті.

Айта кетейік, осыдан 3 күн бұрын Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені жүріп өтіп, рекорд тіркеген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.