Қазақстанда 100 және одан да үлкенірек жастағы 448 азамат бар. Ең қарт қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 115 жасқа толған.
- Жүз жасқа толғандардың көпшілігі Алматыда тұрады. Алматыда 100 және одан жоғары жастағы 58 адам бар.
- Одан кейін екінші орында Түркістан облысы тұр. Мұнда 100 жастан асқан 53 адам тұрады.
- Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 37 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтар:
- Ұлытау облысының тұрғыны 115 жаста
- Павлодар облысының тұрғыны 113 жаста
- Жамбыл облысының тұрғыны 110 жаста
Айта кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.