2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 847,7 мың отбасы қамтылды.
Жалпы сомасы 449,8 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – орташа 604,5 мың отбасыға 391,1 млрд теңгеге, наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 243,2 мың адам қамтылған. Оған 58,7 млрд теңгеге бөлінген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйек айында жоғарыда аталған жәрдемақымен 789,7 мың отбасы жалпы сомасы 45,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 544,9 мың отбасы 38,9 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен 244,8 мың адамға 6,6 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
15 728 теңге мөлшерінде төленді.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:
· «Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
· «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға артқан болатын.
Көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға қандай жәрдемақы төленетінін жазған едік.