23 қазан Орталық Азияның таулы экожүйелері мен жабайы табиғатының символы саналатын Қар барысының халықаралық күні.
Бұл күн 2013 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен бекітіліп, сирек кездесетін бұл түрге төнген қауіптерге қоғам назарын аудару және оны сақтау жолындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жарияланған.
Қар барысы — планетамыздағы ең әдемі әрі тылсым жыртқыштардың бірі, сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Соңғы есептік деректерге сәйкес, елімізде шамамен 152–189 дара қар барысы мекендейді. Бұл көрсеткіш тұрақты популяцияны білдіреді, дегенмен бұл түрді сақтау жөніндегі жүйелі шараларды жалғастырудың өзектілігін де айқындайды.
Қар барысы бүгінгі таңда Қазақстанның 9 ерекше қорғалатын табиғи аумағында, соның ішінде ұлттық парктер мен қорықтарда мекендейді.
Бұл табиғи аумақтар қар барысы мен басқа да сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тіршілігіне негіз болатын экожүйелерді сақтауда маңызды рөл атқарады.
Қар барысының халықаралық күніне орай ерекше бейнематериал дайындалды. Ондағы кадрлар Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орнатылған фототұзақтар арқылы түсірілген.
Бұл бейнелерде қар барысы табиғи мекенінде еркін өмір сүріп жатқанын көрсетеді.
Айта кетелік Алматы облысында қар барысы мен сілеусін фототұзаққа түсіп қалған еді.