Тараз қаласы әкімінің кубогы мәресіне жетті

0 2

“Достық” стадионында әуесқой футбол командалары арасындағы “Тараз қаласы әкімінің кубогы-2025” турнирінің марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды табыстады.
Тартысты өткен турнирде барлығы 13 команда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды – “Байзақ”, ІІ орынды – “Жаңа Жамбыл фосфор зауыты”, ІІІ орынды “Ұшқын” командалары иеленді.
Сонымен қатар “Үздік қақпашы”, “Үздік қорғаушы”, “Үздік жартылай қорғаушы”, “Үздік шабуылшы” және “Үздік ойыншы” номинацияларының иегерлері анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.