Оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

0 3
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тараз қаласы, «Жібек жолы» ауданының мектептерінде «Жасыл мектеп» атты экологиялық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Тараз қаласындағы №62 орта мектептің оқушылары, сондай-ақ аталған аудандағы өзге де оқу ордаларының білім алушылары өз мектептерінің аумағына жеміс ағаштарын, жапырақты және қылқан жапырақты ағаш түрлерін отырғызды. Осы күні барлығы 100 жеміс ағашы және түрлі сәндік ағаштар егілді.

Іс-шараның басты ерекшелігі әр оқушы өз есімімен белгіленген ағаш отырғызып, мектеп аумағын көркейту мен табиғатты қорғаудағы жеке үлесін білдірді.

«Жібек жолы» ауданы әкімдігінің, қалалық білім бөлімінің және «Байтақ» жасылдар партиясы және белсенді қоғам өкілдерінің қолдауымен өткізілген акцияның басты мақсаты – әрбір оқушының өз мектебінің абаттандырылуы мен көгалдандырылуына үлес қосып, табиғатқа ортақ жауапкершілікті сезінуіне мүмкіндік беру.

Бұл бастама – «Жібек жолы» ауданы аумағын көгалдандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.