«Қазгидромет» 27 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп мен жаңбыр жауады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облысы: 27 қазанда облыстың солтүстігі, шығысы, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан; түнде оңтүстік-батыста екпіні 15–18 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы: түнде және таңертең батысы, солтүстігі, шығысында тұман түседі. оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі.
Ақтөбе облысы: оңтүстік-шығыс жел; күндіз батыс, оңтүстік, орталықта 15–18 м/с. Оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы, солтүстік-шығысы, орталығында төтенше өрт қаупі.
Алматы облысы: оңтүстік-батыс жел солтүстік-батысқа ауысады. Оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысы: күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстігі, шығысы және Атырауда төтенше, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі.
Шығыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі, шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады; түнде оңтүстік-шығыста 15–18 м/с.
Жамбыл облысы: солтүстік-батыс жел; таулы аудандарда 15–20 м/с. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығы, оңтүстігі және Таразда жоғары өрт қаупі.
Батыс Қазақстан облысы: батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан; күндіз шығысында 15–20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысы: солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Батысында жоғары өрт қаупі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі.
Қызылорда облысы: төтенше өрт қаупі сақталады; солтүстігі, орталығы және Қызылордада жоғары өрт қаупі.
Маңғыстау облысы: түнде батысы, солтүстігі, шығысында найзағайлы қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан; батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с. Ақтауда түнде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысы: батысы, оңтүстігі, шығысында және Павлодарда тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Петропавлда тұман түседі.
Ұлытау облысы: облыс және Жезқазған бойынша жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі.
Астана: 27 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.