Каникул басталды: оқушылар қанша күн демалады?

0 2

Қазақстан мектептерінде бірінші оқу тоқсаны аяқталды. Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқушылардың күзгі демалысы 7 күнге созылады — 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (қоса алғанда). Осылайша, бірінші тоқсанның соңғы оқу күні — 24 қазан, жұма, ал сабақтар 3 қараша, дүйсенбіде қайта басталады.

2025/2026 оқу жылындағы мектеп демалыстарының күнтізбесі
Қазақстанда оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Оқушылар демалып, күш жинауы үшін жыл бойына бірнеше демалыс қарастырылған:

  • Күзгі демалыс — 27 қазан – 2 қараша 2025 ж. (7 күн)
  • Қысқы демалыс — 29 желтоқсан 2025 ж. – 7 қаңтар 2026 ж. (10 күн)
  • 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс — 9–15 ақпан 2026 ж. (7 күн)
  • Көктемгі демалыс — 19–29 наурыз 2026 ж. (11 күн)
  • Оқу жылының аяқталуы — 25 мамыр 2026 ж.
Leave A Reply

Your email address will not be published.