Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

0 2

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Масуд Пезешкиан 10-11 желтоқсан күндері Астанаға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.