10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлескенін жазған едік.