Қар жауып, көктайғақ болады: 13 қаңтарға ауа райы болжамы

0 2

Қазгидромет 13 қаңтардағы ауа райы болжамын жариялап, бірқатар өңірде ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 13 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Семейде 13 қаңтарда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз сынап бағаны 20-25 градус суықты, 14-15 қаңтарда түнде 30-35 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 38 градус аязды көрсетіп, одан әрі төмендейді. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Петропавлда 13 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 22-24 градус аяз, 14-15 қаңтарда түнде 33-35 градус аяз болады деп болжанады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Атырауда 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 13 қаңтарда түнде және таңертең аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 13 қаңтарда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Күннің соңына қарай облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Жезқазғанда 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде 13 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылордада 13 қаңтарда тұман болатыны болжанады.

Астанада 13 қаңтарда тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.

Түнде және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және күндіз облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. 13 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы түнде 18-23 градус, 14-15 қаңтарда түнде 30-35 градус, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз болып, сынап бағаны одан әрі төмендейді. Павлодарда 13 қаңтарда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі — 15-20 м/с.

13-14 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 13-14 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облысытың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны түнде 18-23 градус, 14-15 қаңтарда түнде 23-28 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында 35 градус аязды көрсетеді. Көкшетауда 13 қаңтарда ауа температурасы түнде 18-20 градус, 14-15 қаңтарда түнде 33-35 градус аяз болады деп болжанады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Талдықорғанда 13 қаңтарда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі.

Алматы облысының батысында батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с болады. Қонаевта 13 қаңтарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Айта кетейік, Өскеменде экологтер сары түсті қар жауғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше жол жабылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.