ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін алатын елдерді атады.
— 2025 жылы 16 ветеринариялық сертификат келісіліп, қол қойылды. Бұл Еуропа одағы елдеріне, Ұлыбританияға, Иракқа, Иранға, АҚШ-қа, Канадаға, Вьетнамға, Парсы шығанағы елдеріне және басқа да бағыттарға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді, — деді А. Бердалин Сенатта мал шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылау кезінде.
Оның айтуынша, биыл Қытай Халық Республикасына (құс еті, салқындатылған ет, ірі қара, ұсақ мал және шошқа субөнімдері экспорты бойынша), Еуропа одағына (жылқы еті және аквашаруашылық), Пәкістанға (ірі қара, ұсақ мал, құс еті және өзге де өнімдер) және басқа елдерге мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық номенклатурасын кеңейту бойынша жұмыс жоспарланған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында депутат Арман Өтеғұлов мал шаруашылығы саласында анақталған мәселеге егжей-тегжейлі тоқталды.