«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде қозғалыс шектелді:
Ақтөбе облысы
• KAZ 09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)», 104-337-шақырым (Қандыағаш қаласы – Атырау облысының шекарасы).
Шығыс Қазақстан облысы
• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы», 1013-1062-шақырым (Абай облысы шекарасы – «Рубеж» бекеті);
• «Өскемен – Семей», 12-103-шақырым (Қазачье елді мекені – Абай облысы шекарасы).
Абай облысы
• «Өскемен – Семей», 103-198-шақырым (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
• «Семей – Қайнар», 8-284-шақырым (Семей қаласы – «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc» жолына дейін);
• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Урлютөбе бекеті)» 587-733-шақырым (Семей – Павлодар облысы шекарасы);
• Осы жолдың тағы бір бөлігі: 756-906-шақырым (Семей – Қалбатау ауылы);
• «Семей – РФ шекарасы» 2-113-шақырым (Семей – РФ шекарасы);
• KAZ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» 910-1002-шақырым (Қалбатау – Көкпекті ауылы);
• KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»
778-967-шақырым (Аягөз – Қалбатау);
• KZ18-03 «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы»
0-75-шақырым (Таскескенге бұрылыс – Үржар);
• KAZ08 615-683-шақырым (Жетісу облысы шекарасы – Таскескенге бұрылыс).
Жетісу облысы
• KAZ08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»
561-615-шақырым (Үшарал қаласы – Абай облысы шекарасы).
Жамбыл облысы
• KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» 750-897-шақырым (Қарағанды облысы шекарасы – Бурылбайтал ауылы).
Ақмола облысы
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл», 377-440-шақырым (Қостанай облысы шекарасы – Державинск);
• KAZ05 «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау»,
16-51-шақырым (Қосшы – Қарағанды облысы шекарасы);
• KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы», 16-268-шақырым (Астана – Атбасар);
• KAZ04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы»,
16-200-шақырым (Астана – Павлодар облысы шекарасы).
Қарағанды облысы
• KAZ01 «Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы», 248-592-шақырым (Атамекен кенті – Балқаш);
• KAZ14 «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті», 788-906-шақырым (Ұлытау облысы шекарасы – Топар);
• осы жолдың тағы бір бөлігі: 970-1135-шақырым (Қарағанды – Павлодар облысы шекарасы);
• KAZ15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаc», 60-217-шақырым (Ботақара – Қарқаралы);
• KAZ05 «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау», 51-266-шақырым (Ақмола облысы шекарасы – Теміртау).
Павлодар облысы
• KAZ20 «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара», 0-231-шақырым (Қалқаман – Қарағанды облысы шекарасы);
• KAZ14, 1135-1206-шақырым (Қарағанды облысы шекарасы – Шідерті);
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы «Қалқаман» жол айрығында (жол өткелінің арқалықтары зақымдануына байланысты) — Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығу жабық.
Қосымша шектеу
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Еске салайық, синоптиктер 10 ақпанда Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.