Алматыда құсбегілер сайысы басталды

0 8

Алматы ипподромында «Қыран — 2018» бүркітшілер сайысы басталды. Бұған дейін дәстүрлі сайыс облыс аумағында өткізіліп келген еді. Дереккөз: 24.kz

Бүркітпен қатар аңға қаршыға, ителгі мен лашын құстар түседі. Жарысқа еліміздің 11 аймағынан барлығы 51 құсбегі қатысады. Республикалық турнирге Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Астана қаласының құсбегілері бақ сынасады.

“Жарыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші құстардың шеберлігі, өзінің иесімен арақатынасы сыналады. Ертең, екінші күні қоянға саламыз. Сосын үшінші күні еркін аң аулау дейміз. Көп бүркітшілер дайындықтары жақсы болып жатса, ары қарай қасқырымыз бар”, – дейді «Қыран» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.

Айта кетейік, сайыс үш күнге жалғасып, жеңімпаздар бүгін анықталмақ.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.