Қазақстанда ХҚКО үшін тұлғаларды саусақ іздері арқылы анықтайтын және танитын жүйе енгізілмек. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» басшысы Абылайхан Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Абылайхан Оспанов жоба бойынша жеке куәліктің орнына саусақ іздерін қолдануға болатынын растады.
«Биометрияңыз болса, болашақта бірқатар құжаттарыңызды өзіңізбен бірге алып жүруіңізге тура келмейді. Пилоттық жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, — дейді ол.
Дереккөз: Baq.kz