Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман болады

0 14

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерінде қар жауады, көктайғақ күтіледі, жаяу бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жаланашкөл ауданында желдің күшеюі 20-25 м/с күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с  күшейеді, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда облысында көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.