Наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

0 0

«Қазгидромет» РМК наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде кеш келеді.

Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытады.

Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы:

солтүстік бөлігінде түнде 20…28 дейін аяз, күндіз 10….18 дейін аяз;

оңтүстік бөлігінде түнде 0…8 дейін, күндіз 0…5 жылы болып төмендейді.

Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонның шығуына байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде екпінді жауын-шашын (басымырақ қар) болады және температура жоғарылайды.

Осылайша ай бойы көктемгі суық жылы күндермен ауысады, бұл екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен аяғында болуы мүмкін.

Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1…20С дейін болады, тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп болжануда.

Айлық болжам, 60-65% ықтималдылықпен беріліп, консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.