Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды

0 0

«Қазгидромет» РМК 27 наурызда Қазақстанның бірнеше өңіріндегі өзендерде су тасуы мүмкін екенін ескертеді.

 «Алдағы тәулікте 27 наурызда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде жоғары ауа температурасы мен қатты жауын-шашын болжамына байланысты су тасуы мүмкін. 27-28 наурыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының және Алматы қаласының өзендерінде су тасқынының қалыптасуы болжанды», — деп жазылған хабарламада.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.