Алматыда жер сілкінді

0 4

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматыда 18 сағат 53 минут 49 секундта жер сілкінісі тіркелгені туралы мәлімет таратты.

 «Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты — 11.9. Магнитудасы — 5.5. MPV. Бағыты — 43.70° с.е. 77.39° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша 3-4 балл сезілген», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгендері туралы әлеуметтік желілерде жазып жатыр.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.