Астана, Алматы және Шымкент қалаларының болашағы қандай болмақ?

0 6

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларының болашағы жайлы айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2050 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион адам тұруы тиіс, Астанада — 2 миллион», — деді Мемлекет басшысы Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңесте.

«Шымкентте — 1,5 миллион тұрғынға дейін жетуі тиіс», — деді Назарбаев.

Президент әр қаланың өз стратегиялық даму жоспары болуы керектін айтты.

Қазақстан халқының саны 2018 жылы 1 қаңтарда 18 миллион 157,1 мың адамға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 231,2 мың (1,3 пайызға) адамға көбейген.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

Leave A Reply

Your email address will not be published.