Қазақстандықтарды тегін дәрімен қамтамасы етуге 200 млрд теңге бөлінген

0 5

Ағымдағы жылы қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 200 млрд теңге бөлінген. Бұл жөнінде Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бюджеті жыл сайын өсіп келеді. Ағымдағы жылы амбулаториялық дәрімен тегін қамтамасыз етуге 124 млрд теңге бөлінді. Жалпы, қазақстандықтарды кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2018 жылы 200 млрд теңге бөлінді. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді орталықтандырудың арқасында сатып алу қорытындысы бойынша 26 млрд теңге көлеміндегі қаражатты үнемдеуге қол жетті. Бұл сома қазіргі уақытта жетіспей тұрған дәрі-дәрмекті сатып алуға жұмсалатын болады», — деді комитет төрағасы.
Бюрабекова тегін дәрі-дәрмек алу тізіміне кіретін емделушілердің барлығы диспансерлік есепте тұруы керек екенін айтты.
«Олар диспансерлік есептеу тұруы, дәрігердің тексеруінен өтуі және рецепт бойынша дәрілерді алуы керек. Біз жүргізген тексеруге сәйкес, тегін дәрі-дәрмек алатын емделушілердің кейбірі диспансерлік есепте тұрмайтыны анықталды. Мысалы, диспансерлік науқастардың электронды тізімінде барлығы 1 млн 300 адам тіркеуде тұр. Алайда, 2017 жылы 2 млн астам адам тегін дәрі-дәрмек алған. Бұл ол азаматтар тегін дәрі алмауы керек еді деген сөз емес, бұл ол адамдар диспансерлік тексеруден уақытылы өтпегенін білдіреді», — деген ол тегін препарат алғысы келетін жандар сәйкес қағидаларды сақтауы керек екенін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.