2019 жылдың соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа редакциясы бекітіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Елбасының тапсырмасын іске асыру аясында тұрғындарды жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту және үйлерді жөндеу мәселелері бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуде жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Жоба тұжырымдамасы депутаттардың қатысуы арқылы Үкіметте таныстырылды», — деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні қолданыстағы және жаңа іс-шараларды қаржыландыру тетіктері пысықталуда.
«Жыл аяғына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа редакциясын бекіту жоспарлануда», — деді Роман Скляр.