Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды», — делінген мәліметте.
Айта кетейік, Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары аралығында, сондай-ақ 2018 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін басқарды.
2017 жылғы қазан – 2018 жылғы маусым аралығында «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.