Елімізде жаңартылатын энергетика секторы жоспарлы түрде дамып келеді. Жалпы қуаты 679 МВт құрайтын 74 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр қуатын өндіруде. Оның ішінде, Жамбыл облысының үлесі 168,7 МВт немесе республикамыз бойынша жалпы өндірілген электр қуаттың 24,8 % құрайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3% — ға дейін, 2025 жылға қарай 6% — ға дейін, 2030 жылға қарай 10% — ға дейін арттыру жоспарлануда және жаңартылатын энергия көздері объектілерін 2020 жылға – 95 нысан (1483МВТ), 2021 жылы 119 (2096 МВт) жеткізу көзделуде.
Атап айтқанда:
-жалпы қуаты 15,1 МВт болатын 4 су электр станциясының объектілері
(Мерке СЭС-1,2»-2,1 МВт,«Мерке СЭС-3»-1,5 МВт,«Қаракыстақ СЭС»-2,3 МВт,«Тасөткел СЭС»-9,2 МВт)
— жалпы қуаты 53,1 МВт болатын 3 жел электр станциясының объектілері
(ТОО «Vista International» 21 МВт, 30,6 МВт «Ветроинвест» ЖШС, «Кордай К-1» қуаттылығы 1,5 МВт)
— жалпы қуаты 100,5 МВт болатын 3 күн электр станциясының объектілері
(Отар КЭС қуаттылығы 0,5 МВт «KaзЭкоВатт»ЖШС, «Burnoe Solar-1»ЖШС 50 МВт , «Burnoe Solar-2»ЖШС 50 МВт )
Бурное алаңында қуаты 50 МВт құрайтын күн электр станциясы жобасының бірінші кезеңі «Burnoe Solar-1»ЖШС 2015 жылдың сәуір айында іске қосылып, екінші кезеңі 2018 жылдың 4 маусымында пайдылануға берілді. «Burnoe Solar-2»ЖШС-гі бойынша негізгі генерацияланатын қондырғылар ол – қытайлық «Дженкосолар» компаниясының фотоэлектрлік модульдері, КЭС жобасы бойынша Sangrou компаниясының 16 инверторлық станцияларының 185 174 мың модульдері орнатылды, бір фотоэлектр модулінің қуаты — 275 Вт құрайды.
Бүгінгі күнге, КЭС жобасы авариясыз және генерацияланатын қондырғылары штаттық режимде тұрақты жұмыс істеуде.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясының көлемі 304,3 млн. кВтсағ құрады немесе жалпы көлемнің 10,2% құрады. Алайда, өндіретін электр энергиясының көлемі жоспар 10,0% болып болжанған.
2018 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының көлемі 335,9 кВтсағат немесе жалпы көлемнің 14 % құрады. 2019 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 2018 жылғы 6 айдың қорытындысымен салыстырғанда 28% өсті. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы көлемнен жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетн электр энергиясының үлесін 11,5 % көтеру жоспарлануда.
Болашақта жаңартылатын энергия көздері бойынша 2019-2021 жылдары жалпы қуаты 1390,2 МВт құрайтын 25 жоба іске асыру қарастырылуда.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы Жаңатас қаласынан 9 шақырым қашықтықта орналасқан жалпы қуаты 100 МВт құрайтын жел электр станциясының ағымдағы жылдың шілде айында, құрылыс-монтаждық жұмыстары басталды.
Жел электр станциясының құрылыс-монтаждық жұмыстарын яқтау мерзімі 2020 жылдың 1 тоқсанына жоспарлануда.
Аталған жоба іске асырылған жағдайда Жамбыл облысының үлесі 268,7 МВт немесе республикамыз бойынша жалпы өндірілген қуаттың 34,5 % құрайтын болады.
Осыған орай, облысымыздың климаттық жағдайы жаңартылытын энергия көздерін пайдалануға қолайлығына байланысты, жүйелі түрде қарқынмен дамып келеді.