Қазақстаннан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болды

0 7

Қазақстан шекарасынан 600 мыңнан астам темекі қораптарын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, акциздік маркалары мен құжаттары жоқ темекі қораптары автокөлікті тексеру кезінде қарбыздың астынан табылды.

«Жайсан» шекара автобекетінде Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік шекарадан өткен Volvo маркалы автокөлігіне тексеру жүргізді. Автокөлікті тексеру кезінде ондағы қарбыздың астынан акциздік маркалары мен іліспе құжаттары жоқ 612 500 қорап темекі табылды. Осы факт бойынша барлық материалдар ҚР Қылмыстық Кодексінің 233, 234 баптарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне берілді»,-делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.