Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
27-28 қыркүйек түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыс бағыттан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Петропавлда 27-28 қыркүйек күндері түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік болады. 28 қыркүйек күндіз оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
27 қыркүйек күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Өскеменде 27 қыркүйек түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік болады.
Семейде 27 қыркүйек түнде топырақтың беткі қабатында 1-3 градус үсік болуы ықтимал.