Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Кеңес отырысында Тараз қаласындағы діни ахуал және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы мәселе қаралды.