Жұмыссыздық туралы анықтаманы egov.kz арқылы алуға болады

0 29

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру қызметін енгізді.

Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Бұрын жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде жеке өтініш беру қажет болған.

Бұл ретте анықтама бір күн ішінде қағаз түрінде берілді. Енді анықтаманы egov.kz-те онлайн тапсырыс беру арқылы лезде алуға болады. «Біз әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді талдаған кезде, барлық мүмкін анықтамаларды электрондық форматқа аударатын боламыз, себебі қандай да бір инстанцияда анықтама беру бойынша қызмет көрсетудің өзі аса қиын процесс емес.

Оларды алу үшін азаматтарға, мысалы, жұмыспен қамту орталығына баруға тура келді. Енді цифрландыру арқасында жеке барып өтініш берудің қажеті жоқ. Мұндай форматтың негізгі артықшылығы – бұл анықтаманы кез-келген жерден алуға болады, ең бастысы интернетке қолжетімділік болу керек. Болашақта мемлекеттік органдар базасында ақпарат бар болса, анықтама алудан бас тартқымыз келеді», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев. Электрондық үкімет порталында анықтама алу үшін басты бетте «Қызметтер» батырмасын басып, әрі қарай «жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту керек.

Қызметті таңдау арқылы авторизациялану, өтінімді толтыру, оны электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольмен куәландыру қажет (мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет). Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бірден жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.