Таразда Назарбаев зияткерлік мектебіне құжаттар қабылдау жалғасуда

0 8

Таразда Назарбаев зияткерлік мектебіне құжаттар қабылдау жалғасуда. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2020-2021 оқу жылына 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

Талапкерлердің құжаттарын қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі: Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266, тел.: 8 (7262) 99-98-55, 8 (7262) 99-98-58 ;

Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4) 086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек.
6) Үміткердің графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. цифрлі фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілімі құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады. Көрсетілген барлық құжаттар пластикалық тезтікпеге салынады.

Құжаттарды қабылдамауға негіз болып табыла алады:
1) конкурстық іріктеуге қатысуға өтінішті кешіктіріп берген жағдайда;
2) құжаттары толық болмаған жағдайда.
Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты trz.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
дүйсенбі-сенбі: 9.00-18.00
түскі үзіліс:12.30-13:30
жексенбі: 10.00-15.00
Жаратылыстану-математика пәні бойынша тесттер:
1) «Математика»;
2) «Сандық сипатамалар»
Емтихан ұзақтығы – 90 минут
Өтетін күні: 2020 жыл 14-наурыз
Тілдік сынағы:
1) қазақ тілі;
2) орыс тілі;
3) ағылшын тiлi;
Емтихан ұзақтығы – 120 минут
Өтетін күні: 2020 жыл 15-наурыз
Тестілеу нәтижелері соңғы кешенді тестілеу аяқталған күннен бастап 40 күнтізбелік күннен кейін www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Толық ақпарат www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.