Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоны қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.
Мемлекет басшысы америкалық дипломатқа ілтипат білдіріп, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезден бастап екіжақты ықпалдастықты дамытуда мол табысқа қол жеткізілгенін атап өтті.