Тоқаев барлық атқарушы органдардың басшыларына тың тапсырма берді

0 8

Кәсіпкерлер Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуы қажет. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты  ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Барлық жобаларды мемлекеттік органдармен және бизнеспен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асыру қажет. Осы жылдың күнтәртібі корпоративтік волонтерлік дамытуға байыпты серпін береді деп санаймын», — деп атап өтті Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Осы орайда Қазақстан Президенті кәсіпкерлерді Волонтер жылы шараларын жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

«Әрине, волонтерлік бастамалардың ілгерілеуіне екпін беріп, белсенділер үшін барлық жағдай жасайтын жергілікті атқарушы органдар маңызды рөлге ие болуы тиіс. Мен қазір ғана барлық атқарушы органдардың басшыларына тапсырма берді деп санаңыздар. Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компаниялардың, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жұмыс аптасының бірнеше сағатын бұл бағытқа бөліп үлгі-өнеге көрсетуі тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы волонтерлік қызмет мемлекеттік және жеке компаниялардың қызметкерлері үшін жұмыс мәдениеті болуы қажеттігін баса айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.