Президенттің Германияға жұмыс сапары: Бірнеше мемлекеттің басшыларымен кездесулер өткізеді

0 3

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына (Германия) жұмыс сапарымен барады. Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», — дейді Берік Уәли facebook парақшасында.

Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысатындығын хабарлаған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.