Студенттерге арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды

0 5

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді, — деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.

Қазіргі таңда студенттердің, магистрант пен докторанттардың сынақ кітапшасын алып тастау туралы бұйрық әзірленді. Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант пен 6 363 докторантқа қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистрант пен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіліп жатады.

Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі. Қазір бір сынақ кітапшасының құны – орташа есеппен 380 теңге.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.