Волонтерліктің «Саулық» бағыты бойынша медициналық волонтерлікті дамыту үшін Жамбыл облысында «Таза жүрек» жобасы таныстырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасы бойынша «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының» бас дәрігері С.Жошыбаевтың қолдауымен «Волонтер дәрігерлер қозғалысы» құрылды.
Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ жобаның мақсаты — Тараз қаласындағы медициналық колледждің жоғары курс студенттерін жобаға қатыстыра отырып, облыс тұрғындары арасындағы жүрек ауруының алдын-алу, нақты статистикалық мәлімет жасақтау, медициналық волонтерлікті қолдау және іске асыру.